Создано: 30.03.2015 07:49
Предоставить рейтинг этому материалу
( Голосов: 0 ) 
Родительская категория: Дошкольное образование
Просмотров: 3912

Эссе "Психология - болашақтың мамандығы "

... Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», - деп  жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі...

         Міне, жақсы психолог пен жаман психолог, жақсы мұғаліммен мен нашар мұғалім, жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймын. Ол өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен...Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып, қалай болса солай қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Өз мамандығыңды сүйсең сен қайткен күнде де сол жұмысты сапалы, шығармашылықпен нәтижелі орындап, білмеген сауалдарға өзің ізденіп жауап табуға, талпынасың. Менің алдыма келген адамға қайткен күнде де қол ұшымды беріп, жақсылық жасауға тырысамын. Керісінше, қызметке кездейсоқ келген адамнан бойкүйез, терісі қалың негізгі мәселеге салғыр мансапқор шығады. Ұзақ тұрып әрең кезегің келе баргенде «Үзіліссіз, екі сағаттан кейін кел »- деп есікті тұйсығыңның алдынан тарс еткізетіндер бар. Оларды кезекте бір – ақ адам қалғаны, оның қандай кісі екені, мұқтаждығы ойландырмайды. Осындайлар туралы «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын», - деп халық тауып айтқан. Психолог маманға мұндай қасиет мүлдем жараспайды. 

Если вы обнаружили, что опубликованный на нашем сайте материал нарушает авторские права, сообщите об этом администратору через форму "Обратной связи" - публикация будет удалена. Все материалы сайта свободны для использования педагогами. При использовании материалов сайта, активная ссылка на источник обязательна. 
Материалы сайта предназначены для посетителей старше 6 лет.

© 2016 Учительская Копилка