Создано: 04.03.2015 12:19
Предоставить рейтинг этому материалу
( Голосов: 0 ) 
Родительская категория: Внеклассная работа
Просмотров: 1021

" Қыздарға әсемдік жарасасды "

Тақырыбы: «Қыздарға әсемдік жарасады»

Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін  қадірлеу,ұлтжанды,отансүйгіштік сезімдерге баулу.

                 Адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,әдеп әліппесін бойына дарыту,тіл байлығын,таным білімділігін арттыру.    

                  Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері арқылы сыпайылыққа,биязылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Көктем аруы-2011 сайысы

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер,нақыл сөздер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,гүлдер,шарлар.

 «Көктем аруы» сайысының шарттары.

Әр сыныптан 2 қыз бала қатысады.

1. Өзін-өзі таныстыру

  (Қыздар жеке-жеке өздерін таныстырып өтеді.)

2. «Менің бос уақытым»

     (Қыздарымыз үйден дайындап келген заттарын қорғап айтады.)

3. «Білгенге маржан» сұрақ-жауап

 (Қазақстан Республикасының рәміздері,Азиада және Тәуелсіздіктің 20

 жылдығына байланысты сұрақтар.)

4.  Өз өнерін көрсету.

     (Қыздар өздерінің өнерлерін көрсетуге шығады:ән айтып,би билеп,тақпақ  айтады.)

4. «Шебердің қолы ортақ»

  (Аналарымызға арнап қағаздан гүл жасау.)

5. Сән үлгісі.

(Қыздар сәнді көйлектерін киіп,сазды әуенге қосылып,сән үлгісімен жүріп көрсетеді)

Барысы:  

       І-жүргізуші:

        Келді көктем,

Тас-талқан қып мұз-қарды,

Науша нұры ығыстырып ызғарды.

Міне,бүгін ұлы мейрам біз үшін,

Құттықтаймыз әйел,ана,қыздарды!

ІІ-жүргізуші:

               Армысыздар,аяулы ұстаздар,ата-аналар мен патша көңіл көрермендер!

        Сіздерді келе жатқан 8-ші Наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

        І-жүргізуші:

                            Ана деген үш-ақ әріп тіршілік,

                            Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып.

ІІ-жүргізуші:

                            Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып,

                            Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік.

І-жүргізуші:

Білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?

ІІ-жүргізуші:

Дүниедегі ең сұлу,әрине,ана!

І-жүргізуші:

Иә,шындығында солай! Ана тіршілік атаулы бұлақтың көзін ашты.Ол сұлулықты, жарасымдылықты,көріктілікті,барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

ІІ-жүргізуші:

    Бүгін көктемнің шуақты күндерінде біздің елде үлкен мереке.Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өз бағын сынауға  «Көктем аруы» байқауына келіп тұр.Ендеше осы байқауға қатысатын ару қыздарымызды шақырайық.

І-жүргізуші:

Қыз сыны,қыз өнері,қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көргендей болмай-ақ сахнадан,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі-дей келіп,аруларымызды сіздерге таныстырамыз.( Ару қыздар кезекпен ортаға шығады)

ІІ-жүргізуші:

Кім жүйрік,кім өнерпаз білейікші,

«Аруы» деп мектептің жүрейікші.

Әділқазы алқасына –әділдікті,

Аруларға сәттілік тілейікші.

(Әділқазылар алқасымен таныстыру)

І-жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген он ару кезектесіп,

Таныстыра өздерін кетер дейміз.

ІІ-жүргізуші:

Ендеше,1-айналым: «Сәлем-сөздің патшасы» таныстыру (Әр ару  өздерін жеке-жеке таныстырады)

І-жүргізуші:

    Әділқазы алқасы 1-айналымның қорытындысын шығарғанша біздің

мектебіміздің  3-сынып оқушысы Тусупова Гауһардың орындауындағы «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

ІІ-жүргізуші:

2-айналым «Ас-адамның арқауы» атты үй тапсырмасына берілген арулардың өздерінің аналарына көмектесетіндіктерін,яғни еңбек сүйгіш екендіктерін істерімен дәлелдейді.

І-жүргізуші:

     Әділқазы алқасы 2-айналымның қорытындысын шығарғанша біздің мектебіміздің  3-сынып оқушысы алиғажы Аяулының орындауындағы

«Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.

ІІ-жүргізуші:

3-айналым  «Сөз маржан» сұрақ-жауап сайысы. (Арулар сұрақ алып,жауап береді.)

І-жүргізуші:

Ал,арулар,сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі талай сын бар.

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Дұрыс жауап берсеңдер жарайсыңдар!

 

Сұрақ-жауап

1.Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасында тұрамыз)

2.Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?(Астана қаласы)

3.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата:(Қазақстан Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты)

4.Азиада -2011 олимпиадалық ойындары өткен қалаларды ата.(Астана-Алматы)

5.Әйгілі қар барысының халықаралық атауы ретінде қай сөз қабылданды?(Ирбис)

6.Азиада әнұраны атағына ие болған «Азиада алауы» туындысының авторы,белгілі қазақ композиторы? (Ескендір Хасанғалиев)

7.Азиада -2011 олипиадалық ойнына қанша ел қатысты?(26 ел)

8.Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болды? (20 жыл)

9.Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлын ата. (Қайрат Рысқұлбеков)

10.Қазақстан Республикасының Президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)

ІІ-жүргізуші:

    Әділқазы алқасы 3-айналымның қорытындысын шығарғанша біздің мектебіміздің  6-сынып оқушыларының  «Саржайлау» биін  тамашалаңыздар.

І-жүргізуші:

  4-айналым «Өнерлі өрге жүзер» атты өнер сайысы.

Ал,кімнің өнері бар қаншалықты.

Би билеп,ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайысқа өнерлерін,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

ІІ-жүргізуші:

        Әділқазы алқасы 4-айналымның қорытындысын шығарғанша біздің мектебіміздің  «Көңілді тапқырлар» КВН  командасының өнерлерін тамашалаңыздар.

І-жүргізуші:

5-айналым  «Шебердің қолы ортақ» шебер қолдар сайысы, онда аруларымыз мереке  күніне байланысты аналарына арнап қағаздан гүл жасайды.

Сұхбат алу:

-Айтыңызшы сізге сайыс ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Сіз қалай ойлайсыз, осындай сайыстар қажет пе?

-Неге қажет деп ойлайсыз?

-Сіз сайыскерлерге қандай тілектер айтқыңыз келеді?

-Сіздің де тілектеріңізді тыңдайық.

ІІ-жүргізуші:

        Әділқазы алқасы 5-айналымның қорытындысын шығарғанша біздің мектебіміздің  3-сынып оқушысы Карибаева Жаннұрдың орындауындағы «Қыз сыны» әнін қабыл алыңыздар.

І-жүргізуші:

Қыздарға әсемдік жарасады,

Талғамы таң нұрымен таласады.

Қыпша бел,сұңғақ бойлы қара көзге

Жан біткен таңдай қағып қарасады.

ІІ-жүргізуші:

Ең соңғы 6-айналымда қыздарымыздың күнделікті тұрмыста, салтанатты кештерде талғаммен киім кию үлгілерін тамашалайық.

І-жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір-күрес,жеткізе ме мұратын?

Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімеген

Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.

ІІ-жүргізуші:

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

Осымен «Көктем аруы» сайысы аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.

(Сөз қазылар алқасына беріледі)

 

І-жүргізуші:

Көгере бер,көркейе бер,өсе бер,

Өміріңді еңбек қана еселер.

Шыңға шығар шынар болып шарықтап,

Парасат пен өнері бар көшелі ер.

Бойларыңда от бар екен,байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен,байқадым,

Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,

Жалындатып шарықтаңдар,айтарым.

 

Сайыс қорытындысын шығару,аруларды марапаттау.

Если вы обнаружили, что опубликованный на нашем сайте материал нарушает авторские права, сообщите об этом администратору через форму "Обратной связи" - публикация будет удалена. Все материалы сайта свободны для использования педагогами. При использовании материалов сайта, активная ссылка на источник обязательна. 
Материалы сайта предназначены для посетителей старше 6 лет.

© 2016 Учительская Копилка