Создано: 22.01.2016 09:18
Предоставить рейтинг этому материалу
( Голосов: 0 ) 
Категория: Мероприятия
Родительская категория: Внеурочная деятельность
Просмотров: 2753

Дополнительные данные

  • Автор: Акышова Актоты Ауданбековна

"Мәңгәләк ел ұландары"

«Мәңгілік ел ұландары» аудандық жүлдесін өткізу туралы ереже

Мақсаты: балалар шығармашылығы мен бастамаларын талантты балаларды анықтау және марапаттау арқылы дамытуды ынталандыру.

Міндеттері:
• Қоғамға пайдалы қызметін сіңірген, оқуда, спортта, шығармашылық түрлерінде, еңбекте, әлеуметтік бастамаларда, ерте кәсіби қалыптасуда, ғылыми зерттеу қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Қазақстан Республикасының жас азаматтарын ынталандыру;
• Балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға және жандандыруға айтарлықтай үлес қосқан педагог-ұйымдастырушыларды, тәлімгерлерді ынталандыру;
• «Жас Ұлан» ұйымының, қоғам мен мемлекет өміріндегі балалар қозғалысының әлеуметтік мәртебесін және дәрежесін көтеру;
• ҚР азаматтық қоғамының қалыптасуына және дамуына балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларының жеке үлесін қоғамдық мойындау.

Қатысушылар:
• Балалар мен жасөспірімдер, 1-11 сынып оқушылары-байқаудың үздік қатысушылары, өтінім жіберген көшбасшылар мен белсенділер;
• Ұланбасылар;
• «Өнелі жас Ұлан» байқауына қатысушылар;
• «Жас Ұлан-чемпион» байқауның қатысушылары;
• Қонақтар;
• Аудандық ішкі істер бөлімі
• «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы
• БАҚ өкілдері;

Модератор:
• Гүлшат Сұлтан
Іс-шара бағдарламасында:
Екі гид қонақтармен амандасып, мектеп мұражайымен қонақтар мен қатысушыларға таныстырып, қысқаша шолу жасайды.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Жас көшбасшылар! Балалар ұйымдарының белсенділері! Ерік жігері мықты, белсенділігін игі істерге жұмсай білген көшбасшылар! Бүгінгі өткізіліп отырған «Мәңгілік ел ұландары» атты конференцияға қош келдіңіздер!
2011 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөсіпірімдер ұйымы құрылды. Осыған орай, Аманкелді аудандық жас ұландардың алғашқы шарасы 2011 жылдан бастау алған болатын. Бұл күн әрбір жас ұландықтың жүрегінде қалды. Дәл сол күні «Шұғыла» жастар орталығында Жас Ұлан қатарына қабылдау сәтіне аудан әкімі өзі қатысып, ұйым жұмысына табыс тілеген болатын. Содан бері Жас ұлан ұйымы көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Қазіргі таңда Аманкелді ауданынының ұландың саны артып келеді. Олай болса бүгінгі өткізіліп отырған конференцияға сәттілік тілей отырып, алғышқы құттықтау сөз Аманкелді аудандық «Қайнар» жастар ұйымының төрайымы Гүлшат Сұлтанға беріледі.
Жүргізуші: Конференцияның күн тәртібінде төмендегідей жарыссөздер тыңдалады. Ортаға:
«Жас Ұлан» оқушылар ұйымын патриоттық тәрбиеге баулу» Баяндамашы Аманкелді атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тәлімгері:Бектасбаев М
«Жас Ұлан» оқушылар ұйымының жұмыстарын жүзеге асыру жолдары» БаяндамашыБ. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің Ұланбасы: Қоңыртаева Т
«Мектептерде оқушыларға патриоттық тәрбиенің берілуі» Баяндамашы Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің Ұланбасы Сабит А

Жүргізуші: Құрметті жиынға қатысушылар!
«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау шарасына куә болғалы отырысыздар!
Жас ұландардан рапорт қабылдау үшін ортаға -------------------------------шақырылады.
(Ортаға --------------------- шыққан кезде ұланбасы да екі адым алға шығады)
Керней ойналады. Ұланбасы: Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!- деп команда беріп рапорт тапсырады.
Рапорт: Құрметті ------------------------------!
Аманкелді ұландары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын.
Рапорт тапсырушы Аманкелді аудандық «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы
----------------------------------------------------------------------:
Рапорт қабылданды.
Жүргізуші: Жас ұлан қатарына қабылданатын Аманкелді ұландарын құттықтау үшін сөз -----------------------------, «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы -------------------------------- беріледі.

Қазақ биі

Жүргізуші: құрметті қонақтар!
Аманкелді ұландары мәңгілік ел ұландары боламыз –деп сендіреді.
Енді бүгінгі салтанатымыздың құрметті сәті! Ұландарын жас ұлан қатарына қабылдау рәсімі
Біз Отанның Ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы,
Ант беруге дайын бол!
А Н Т

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға; «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!-(барлығы бірге айтады)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгідей балалар мерекесінде достарымызды жас ұлан қатарына қабылдау құрметін Сіздерге ұсынамыз.
(қабылданушы балалар 1 қадым алға шығады)

Балаларды қабылдау.(Барабанный дроб)
Қонақтар Жас ұлан қатарына қабылдайды

Жүргізуші: Аманкелді ұландары! Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге әрқашанда дайынсыңдарма?
Оқушылар : Әрқашанда дайынмын!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Аманкелді ұландарының «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау шарасына қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

«Жас ұлан әні» гимн

Жүргізуші: балалар шығармашылығы мен бастамаларын талантты балаларды анықтау және марапаттау үшін сөз ---------------------------------------------------------------- беріледі.

Жүргізуші: Құттықтаймыз, құрметті жас ұландықтар! Аға ұрпақ өнегесін жалғастыратын табыстарыңыз толағай болсын! Бақытты күндер аясында кездескенше сау болыңыздар! Сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтай отыра «Мәңгілік ел Ұландары» атты конференциямызды тәмандаймыз.

Скачать вложенные файлы:

Если вы обнаружили, что опубликованный на нашем сайте материал нарушает авторские права, сообщите об этом администратору через форму "Обратной связи" - публикация будет удалена. Все материалы сайта свободны для использования педагогами. При использовании материалов сайта, активная ссылка на источник обязательна. 
Материалы сайта предназначены для посетителей старше 6 лет.

© 2016 Учительская Копилка